Басты бет

ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КӘСІБИ ПРАКТИКА

ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ   КӘСІПТІК ПРАКТИКА

үрдісінің қызметі.

 

Мақсаты: Өңірдің кадрларға перспективалық қажеттілігін зерделеу, колледж түлектерін мамандықтар бойынша бөлу және жұмысқа орналастыру мониторингі, жұмыс берушілердің мамандар даярлау сапасына қанағаттануын бағалау және теориялық оқыту процесінде алған білімдерін практикада бекіту, нығайту және жүйелеу.

 

Қызмет бағыттары:

– Студенттеге кәсіби тәжірибені ұйымдастыру;

– Жоспар бойынша кәсіби бағытта іс-шараларды өткізу;

– кәсіпорында таныстыру экскурсиясын ұйымдастыру;

– Кездесулер, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

– түлектердің мансабын дамыту және мониторингілеу;

 

Негізгі функциялары:

Мамандарға деген сұраныстың заманауи ішкі жүйесін қалыптастыру;

-Колледж  студенттері мен түлектері үшін мастер-кластар, тренингтер мен презентациялар өткізуге жұмыс берушілерді тарту;

– Колледж  түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және еңбек нарығына бейімдеу жүйесін әзірлеу;

– Жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Серіктестік қатынастарды ынтымақтастық туралы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ресми шарттармен бекітеді, олар тек практикадан өтуге ғана емес, кейіннен экономикалық, техникалық бейіндегі түрлі салаларда жұмыс істеуге құқық береді.

 

Тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімі серіктестерінің желісін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, қазіргі уақытта колледжде 21- нен астам тұрақты әлеуметтік серіктестер бар   ТОО «Нұр-Жол Алем»,  ТОО «Марал- Нұр»,”ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС- “Қарағанды БП бөлімшесі” Жезқазған станциясы, ” Алмас Курылыс Kazakhstan» ЖШШ, “Ютария ltd” Өндірістік иннавациялық компаниясы ” ЖШС, “Tranco Zhezkazgan” ЖШС Жезқазған темір жол кешенінде  колледж түлектері  жұмыс істеуде .

ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ   КӘСІПТІК ПРАКТИКА үрдісінің ажырамас құрамдас бөлігі тұрақты кездесулерді, мастер-кластар мен қонақ дәрістерін ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Осы іс-шараларды өткізу аясында барлық тілек білдірушілер компания қызметінің саласы мен ерекшелігі туралы ақпаратты бірінші ауыздан алады, бос лауазымдар туралы біледі және өз тәжірибесіне сүйене отырып, шағын болса да, өз қызметін жоспарлай алады.

Түлектерді еңбекпен қамту мақсатында тұрақты колледж түлектерін еңбекпен қамтуға ықпал ететін бөлім құрақты жұмыс атқарады.

Түлектер қауымдастығы құрылған. Түлектері туралы мәліметтер базасы да бар, онда түлектер туралы ақпарат жинақталған.



 

English EN Kazakh KK