Басты бет

Жүлделі жеңістеріңізбен!

Облыстық кәсіби сайыстың жеңімпаздары «Автокөлік» мамандығының студенттері Сарин Ілияс, Русин Никита, Қомар Айбекқожа, Бексұлтан Жарылқасыновты және білімді студенттеріміздің шығармашылығын шыңдап, талабын ұштаған білікті оқытушыларымыз, жобаның шығармашылық ұжымы  Ақмаш Қапанұлын, Жанат Ғабитханқызын, Анар Ерғалиқызын, ЕрнұрТлеуқабылұлын және жоба жетекшілері Санжар Серікұлын, Ернар Айдарұлын жалаулы жеңістерімен құттықтаймыз!

   Облыстық деңгейдегі дүбірлі додадан «Ең үздік өндірістік стенд» номинациясына ие болып, жүлделі ІІІ орынға ие болу мерейлі жетістік. Бұл жетістік – білімнің  нұрлы жолында тер төгіп, шәкірттеріне деген үміт-сенімін ұстаздық асыл жүрегіне ұялатқан ұстаздардың еселі еңбегінің нәтижесі. Сіздер шығармашылық топ құрамында қаншама игі істерге мұрындық болып, жаңа жобаларыңызды бірлесе атқарып келесіздер.

  Сіздерге және шәкірттеріңізге  тағы да   толағай табыс,  ел-жұрттан алғыс, еңбектеріңізге жеміс, қызметтеріңізге өріс тілейміз. 

 

Ізгі тілекпен, Жезқзаған бизнес көлік ұжымы