Басты бет

Жетістікке бастайтын тұғырнама

“Nur Otan” партиясының Жезқазған қалалық филиалының қоғамдық келісім залында Саяси кеңес отырысы өтті. Жиынды Жезқазған қаласының әкімі, Жезқазған қалалық филиалы төрағасы Қайрат Баяндыұлы жүргізді. Жиынға Саяси Кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Жезқазған қалалық мәслихат депутаттары, партиялыш кадр резерві мүшелері, ардагерлер мен баспасөз ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық филиал төрағасының орынбасары Гульмира Изатуллақызы тоқталып, Бекзат Қомарұлы атқарылған жұмыстарға алдағы уақытта тағы сәттілік тілесе, Жанар Нариманқызы қоғамдық қабылдау жұмыстарына есеп берді. Осы жиында жалпы жастар атынан, Жас Отан белсенділері атынан, Team Qazaqstan тобының мүшесі ретінде біздің колледждің президенті Төлеубек Аружан сөз сөйледі. Ол: “Мен осы ортаға түсіп, Қасым-Жомарт Кемелұлының қоғамдық штабында қызмет атқарғаныма, жасаған таңдауыма еш өкінбеймін. Өмірде қайта келмейтін мүмкіндіктер болады, алайда менің алдымда екінші рет осы сәттерді басынан кешетін мүмкіндік болса, мен оны құр жібермеймін. Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жас дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Мен Team Qazaqstan қатарында бақытты күндер өткіздім және мен” Дүниенің дүние боп тұрғаны- махаббат пен мейірімнің арқасы” болса, “Қазақтың қазақ болып тұрғаны- тәуелсіздікті тіреп тұрған бірлік пен мықты президенттің арқасы” екеніне шексіз сенім білдіремін”- деп жиынды қорытындылады.