Басты бет

«WorldSkills Kazakhstan Karaganda -2019»

15.04.2019-17.04.2019 жыл аралығында Қарағанды қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan Karaganda -2019» аймақтық чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа біздің колледжден  «Жүкті экспедициялау» құзыреті бойынша Қарағанды жоғары техникалық колледжінде өткен  ОПУ-401 тобының студенті Есенбеков Ернұр Ерболұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар колледждің әлеуметтік серіктестігі: Тулегенов Ержан Бауыржанұлы – басты сарапшы ретінде,  колледждің арнайы пән оқытушысы: Берлибекова Анар Ергалиевна- сапарапшы ретінде қатысып, студенттерді бағалады.

«Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреті бойынша чемпионат Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде өтті.

Бұл чемпионатқа ТО-401 тобының студенті Әбжанов Батырхан 21 студентпен сайысқа түсіп, алғыс хат алды. Колледжіміздің әлеуметтік серіктестігі Бекен Сламбекович пен Молдабек Ақмаш Қапанұлы сарапшы ретінде қатысып, студенттерді бағалады.