Басты бет

“Үздік құрылысшы – 2019”

15.03.2019 жылы  “Үздік құрылысшы”  интеллектуальды кәсіби сайысымыз  өтті.  Кәсіби сайысымызға  1409000 “Теміржол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы”,  1410000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу» мамандықтарының студенттері қатысты. Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру теориямен тәжірибені ұштастыру, білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілді. Осы сайысқа арнайы келген әлеуметтік серіктес, қалалық жол басқарамасының аға мастері   Наурызбаев Наушардан,  АО НК КТЖ-да  аға операторы   Нұрмағанбетова Гулбаршын Абсадыковна, өздерінің оң бағаларын берді.

Сайыс 6 турдан құрылды: Топты таныстыру, Сұрақ жауап, Жер жұмыстарының көлемін есептеу, Капитандар сайысы, Жөндеу жұмыстары кезіндегі қоршаулар, Kahoot программасы мен тест сұрақтары.  Барлық турлардың нәтижесінде СЖД-301тобы “Үздік құрылысшы – 2019” номинациясына ие болды.