Басты бет

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК

Психологиялық қызмет мақсаты: Колледждің білім беру кеңістігіндегі педагогикалық процеске қатысушылардың, яғни  студент, ата-ана, оқытушы ара қатынасындағы жағымды атмосфераны қалыптастыра отырып, баланың жас ерекшелік даму кезеңдеріне, тұлғаның әлеуметтенуіне, өзін-өзі жүзеге асыруы мен психологиялық және әлеуметтік дені сау тұлғаның қалыптасуына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау арқылы қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • Студенттердің әрбір даму кезеңінде интеллектуалды және тұлғалық дамуына толыққанды қолдау көрсету;
  • Педагогикалық-психологиялық зерттеу негізінде әр баламен жеке-дара жұмысты қамтамасыз ету;
  • Баланың интеллектуалды және тұлғалық дамуындағы кездесетін ауытқушылықтарды жою және алдын алу;
  • Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
  • Тұлғааралық қатынастардың оңтайлы түрде жүзеге асуына жағдай жасау;
  • Тұлғааралық қақтығыстардың екіжақты оң шешім табуына ықпал ету;

 Келесі бағыттар бойынша психологиялық көмектер көрсетіледі:

  • Психодиагностикалық жұмыс;
  • Психокоррекциялық және дамытушылық жұмыстыр;
  • Психопрофилактикалық ағарту жұмыстары;
  • Психологиялық кеңес беру жұмыстары;

Студенттерге көмек көрсету барысында түрлі анкеталар мен тренинг жаттығулары жүргізіледі:

  • Бірінші курс студенттерінің бейімдеу мәселесін зерттеу;
  • СТБ-ға психологиялық дайындау;
  • Жатақхана студенттер көзімен (Серпін-2050);
  • «Оқытушылар студент көзқарасымен»;
  • Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру;
  • Студенттердің өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу барысындағы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Өзін-өзі тану-адамгершілікке жетелейді;
  • Студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
  • Педагогтармен студенттер арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау;
  • Менің мамандығым – менің болашағым.

Психолог колледж  жатақханасында да жұмыс жүргізеді:
Студенттерге жеке және топтық кеңес беру, әңгіме жүргізу. Психологиялық білім беруде келесі мәселелер қарастырылады:
адамгершілік, мәдениеттілік, айналадағы адамдарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық.
Психология бойынша видеожазбалар көрсетіледі.

 
Жезқазған Бизнес және көлік колледжі 
педагог-психологы


тел.: +
e-mail: tarbie_zhkbit@mail.ru
Жатақхана,  1 қабат 203 кабинет.


Психологиялық қызмет жұмысы

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыс

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректері бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмыс, әрбір 20-шы кісі өлтіру, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыр зиян келтіру, әрбір 8-ші қарақшылық, әрбір 5-ші тонау және әрбір 13-ші ұрлық кәмелетке толмағандар тарапынан жасалады. Жыл сайын ішкі  істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі қаралып, олардың 9 мыңнан астамы немесе жалпы санының 9,4% панасыз және қадағалаусыз қалған балалар үлесін құрайды.

Бүгінгі күні кәмелетке толмағандар қылмысының анағұрлым негізгілерінің бірі – қылмысты ескертудің виктимологиялық немесе қылмыс құрбанына айналу бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейді және барлық адамдарға тән өзін-өзі қорғауға деген талпынысты іске асырады.

Демек,  жалпы  білім  беретін   мектептерде, және колледждің 1-2 курс  оқитындардың арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әділет, прокуратура өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер, тренингтер, үгіт насихат жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету кепілі болып табылатындығы даусыз.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен әңгімелесу

2018 жылдың қараша айында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор колледждің студенттерімен әңгімелесу өткізді. «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік», «Құқық бұзушылықтар» сияқты тақырыптарға семинар өткізді, құқық бұзушылық пен қылмыс жасау себептері мен шарттарын, кәмелетке толмаған адам қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасы туралы, қандай да бір құқық бұзушылық үшін жазалау туралы түсіндірді. Сонымен қатар, дәріскер кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың жұмысы туралы айтты. Дәріс аяқталғаннан кейін балалар полиция қызметкеріне оларды толғандыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық қолдау мақсатында ашылған «ШАНС» орталығы директорының м.а. Турлыбаева Батима Жанбековна студент жастармен кездесіп өз құқықтары мен міндеттірі жайлы сөз қозғады. Күнделікті жастар арасында кездесен қиындықтан шығу жолдарын студент жастар арасында ойындар ойнату арқылы кез-келген ситуациядан оңай шығу, кез -келген ортада біреудің үгітімен жүрмей өзіндік мен болу керектігін айтып өтті. Студент жастар өз ойларын еркін ортаға салып, өздеріне керек мағұлматты толығымен алды. Сонымен қатар «ШАНС» орталығында жас өспірімдерге тегін домбыры, шахмат, гитара, спорттық үйірмелер жұмыс жасайтын атап өтті.

2019-2020 оқу жылындағы ата-аналар жиналысы