Басты бет

ІШКІ ТƏРТІП ЕРЕЖЕСІ

Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің студенттеріне арналған
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
Колледж студенттеріне арналған ішкі тәртіп Ережелері ҚР «Білім туралы» Заңына, колледждің ағартушылық жұмыстарын реттейтін құжаттарына сәйкес дайындалды.
Бұл Ережеге студенттерді оқу тәрбиемен ұйымдастырудағы, колледж жұмыскерлерінің білім мен тәрбие беру, сонымен қатар білім сапасын көтеруін қамтамасыз етудің негізгі Ережелері жатады.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Студенттердің оқу мен тәрбиесі және олардың күнделікті атқаратын жұмыстары негізгі Ережеге сәйкес іске асырылады.
1.2. Ереже талаптары іске асыру барысында студенттің жауапкершілікті өздігінен жұмыс атқаруын, тиянақтылығын дамытады және студенттерді кәсіптік еңбекке сапалы дайындауда жақсы жағдай жасау.
1.3. Колледждің ішкі тәртіп Ережелерін білуге және сақтауға барлық оқушылар міндетті. Студент колледжде оқытудың ең бастапқы сатысында көп көңіл бөлуді қажет етеді. Студент тәртіп Ережелерін тагуға және атқаруға, және әкімшілік тарапынан көмек колледждің барлық жұмыскерлерінің үлгісі көмек бола алады.
1.4. Колледжде білім беру мен тәрбие ісінде студенттің күнделікті ағартушылық жұмыстарынреттеу колледж дирокторы, әкімшілік арқылы және педагог-инженерлер, жұмыскерлердің жетекшіліні арқылы іске асады. Студенттің  күнделікті ағартушылық жұмыстарын атқаруы, ішкі тәптіп Ережелерін сақтауы жетекшілеріне (куратор) сабақ беру барасында пән оқытушыларына тапсырылады.

2. СТУДЕНТ ҚҰҚЫЛЫ, МІНДЕТТІ, ЖАУАПТЫ
2.1. Колледж студенті ҚР азаматтығына сәйкес құқықтары мен еш шектеусіз еркіндік заңдылықтарын қолдана алады.
2.2. Колледж студенттері құқылы:
ҚР мемлекеттік жалпы білім стандартына сай кейбір арқылы негіздегі келісім шартқа сәйкес және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуға;
Колледждің тегін кітапхана – хабарлама байлық көздерін тегін қолдануға;
ҚР білім стандартын толық орындау үшін, әкімшіліктен жағдай жасауды, оқу жоспары мен бағдарламасын, педагог-инженер, жұмыскерден сапалы және білікті, сарамандық жұмыстарды жүргізуді талап етуге;
Шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, шығармашылық жұмыстар жүргізуге, дене шынықтыру және әскери спорттық дамыту мақсатында дәрісханаларда, сарамандық кадинеттерде, акт залында, спорттық ойын орындарын және басқа да орындарында айналысуға;
Адамның жеке бас қасиетін, өз ойын еркін жеткізуді, нақтылауды, ар ождан сыйлауға;
Оқу білім тәрбие беру жүйесін жақсарту бойынша әкімшілік және педагог инженерлік ұжымына ұсыныс жасауға;
Даулы, шешімін таппаған мәлелермен әкімшілікке хабарласуға.

2.3. Колледж студенттері міндетті:
Таңдау мамандығы бойынша практикалық дағды мен білімін теориялық және кәсіптік білімдерін нақты, жан-жақты меңгеруге;
Ішкі тәртіп Ережелерін сөзсіз ар-ожданымен орындау, білу, тәртіп сақтау;
Бағдарлама және оқу жоспарында көрсетілгендей оқу және практикалық тапсырмаларды белгіленген мерзімді орындау;
Мәдени және кәсіби деңгейін көтеру үшін үнемі жұмыс жасау керек;
Өзін-өзі басқаруға, еңбексүйгіштікке белсенді өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
Колледждің мүлкін сақтауға, құралдарды, жиһаздарды жөндеуге практикалық көмек көрсете білу;
Қазақстан Республикасының зайырлы өміріне сәйкес киіммен сабақтын басталуына аз дегенде 10 минут бұрын келу;
Дәрісханаға кірген колледждің инженер-педагог жұмыскерлеріне және басқа адамдарға студенттің орындарынан тұрып амандасу;
Сабақ барысында жақсы оқу, сабақ үстінде оқытушы түсіндірілген сабақты тыңдауға, өз еркімен және барлық тапсырылған тапсырмаларды сабақ үстінде кедергі келтіретін істермен және біреуге кедергі келтірмеу;
Қоңырау соғылғаннан кейін кіру және дәрісханадан оқытушының рұқсатымен уақытша шығу;
Тәртіп сақтауда ұйымдастыруда әкімшілікке, инженер-педагогикалық жұмыскерлерге бірлесіп қолдау көрсете білу, бір-бірене сыйластықпен қарау;
Топ жетекшілеріне сабақтан себепті қалғаныңды нақтылайтын құжат әкелу;
Тазалық ережелерін қатаң сақтау, колледжмаңында темекішекпеу, дәрісхананы, көпшілікке арналған орындарды, колледж аумағын темекі қалдығымен, шемішке қалдығымен ластамау;
Колледжге кіргенде бас киімді шешу.

2.4.  Әр топтан тәртіп пен жауапкершілікті сезінетін студентті топтың жалпы жналысында топ жетекшісі оқу жылына топ басшысы етіп тағайындайды.

2.5. Топ басшысы міндетті топты тәртіпке шақыру, маман-ұздасдарға, топ жетекшілеріне көмектесу жатады.

2.6. Топ басшысы әкімшілік алдында топты қорғауға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны, жақсы оқығаны үшін пед. Кеңесте мадақтауға топ студенттерін ұсынуға құқылы.

2.7. Барлық студенттер жас ерекшеліктере сай ҚР азаматы екендігін есепке ала отырып, ҚР заңының алдында бірдей және жауапты.

2.8. Колледжде үнемі сабаққа қатысуы нашар, заңды бұзған, ішкі тәртіп Ережелерін орындамаған студенттерге шыдамдылық танытпау керек. Кейбір заң бұзған оқушыларға ортаның әсер етуімен түзеу іс-шараларын қолдану қажет.

2.9. Колледжде мынадай түзеу іс-шаралары қолданылады:
Педагогикалық, құқық және тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қарастыру;
Колледж ішілік есепке алу;
Жезқазған қаласының ОДН-ға қалалық жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға құжаттарын жіберу;
Шектен шыққан жағдайда колледжден шығару;

2.10. колледж өміріне жақсы қатысқаны,  оқудағы жетістіктері, үлгі тәртібі, өз міндетіне аса жауапкершілікпен қорғаны, қоғамдық, қалалық, спорттық ойындарға белсене қатысқаны үшін төмендегідей түрде марапатталады:
Оқуақысына жеңілдік -15%
Мақтау жариялау;
Есептен шығару;
Бағалы сыйлықпен марапаттау;
Дипломмен, құрмет қағазымен;
Мақтау қағазымен;
Ата-аналардың мақтау қағазын беру;
«Колледж мақтанышы» тақтасына ілу.

2.11. Осы ішкі тәртіп Ережелері колледждің Педагогикалық кеңесінде қаралды және келісілді.