Басты бет

ІС-ШАРАЛАР, ЖОБАЛАР

2018-2019 оқу жылының іс-шаралары

“ЖКБИТ АРУЫ – 2019”

Жылдың ең үздік байқауын назарларыңызға ұсынамыз! “ЖКБИТ АРУЫ – 2019”! Байқауда 1-2 курс студенттерінен ең үздік деп танылған 7 ару бақ сынады! 
5 кезең төмендегідей болды:
1. Таныстыру – бұл кезеңде аруларымыз өздерін қазақ тілімен қатар өзге тілдерде де таныстырды(орыс, ағылшын, испан, неміс, француз, корей, т.б. )
2. Өнер! Бұл кезеңде аруларымыз бойындағы бар өнерлерін ортаға салды(қолөнер, ән, би, актерлік, сиқыр, т. б. )
3. Дефилие. Баршаларыңызға мәлім, қоғамда сәукелені қай орынға киерін білмей жүргендер шығып жатыр. Ежелде қыз ұзатқандағы дайындықта ең көп уақыт алатыны – сәукеле жасау болған. Сол үшін, бабадан алған көне дәстүрдің жалғасы бойынша, бұл кезеңде арулар сәукелені өз қолдарымен жасап, қазақы киіммен сахнаны бағындырды! 
4. “Жастар жылында жақсы іс” кезеңі. Қазір қоғамда әлеуметтік тапшылықта өмір сүріп жатқан отбасыларға аруларымыз әртүрлі қайырымдылық жасап, неше түрлі іс-шаралармен айналысып, бейнежазбасын халыққа ұсынды. Бұл – игі іске бастама! Айта кетсек, Мадияр бауырымызға да үлкен қолғабыс жасалды! 
5. Дәмді торт тағамын ұсыну. Соңғы кезеңде аруларымыз халыққа торт ұсынды. Бастысы – торт бейнесі көктемдік көңіл күй сыйлап, дәл сол табиғат бейнесімен безендірілу қажет! 
Барлық сайыстардан сүрінбей өтіп, жүзден жүйрік танылған – ПВ-201 тобының аруы Төлепбергенова Құндызай “ЖКБИТ АРУЫ – 2019” титулына ие болды! 1-орынмен Өзбекханова Аружан, 2-орын Амантай Сымбат, 3-орынға Серік Шолпан лайық деп танылды! Осылайша үлкен іс-шара өз мәресіне жетті! 
@a.z.suleimenova – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, байқау ұйымдастырушысы! Сіз керемет ұйымдастырушы, ғажап идеялы тұлға, мықты ұстазсыз! Осындай байқауды биік дәрежеде абыроймен өткізіп шығу- екінің бірінің қолынан келмейтін іс! Тың идея, импровизациялық ойларыңыз көп болсын! Деніңізге саулық тілейміз! Тобыңыз мықты! 
Байқауға әділ төрелік еткендер: @arman_zhani
@abai_bagchai @jasotan_zhezkazgan@ruslan_ismailo Келгендеріңізге алғыс білдіреміз! 


АНА, СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ ТЕРБЕТЕ БЕР, ҚҰБА ТАЛДАН ИІЛГЕН БЕСІГІҢДІ”

КОЛЛЕДЖДЕ 8 НАУРЫЗ АНАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ КӨП БАЛАЛЫ, 1 ОТБАСЫНЫҢ 3-4 БАЛАСЫ КОЛЛЕДЖДЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТҚАН СТУДЕНТТЕРДІҢ АНАЛАРЫ ЖӘНЕ АКТИВИСТ СТУДЕНТТЕРДІҢ АНАЛАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ “АНА, СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ ТЕРБЕТЕ БЕР, ҚҰБА ТАЛДАН ИІЛГЕН БЕСІГІҢДІ” АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ. ІС-ШАРА 2 БӨЛІМНЕН ӨТТІ. 2-ШІ БӨЛІМДЕ АНАЛАРМЕН БАЛА ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ. ІС-ШАРА СТУДЕНТТЕРДІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІМЕН АЯҚТАЛДЫ. АНАЛАР АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ БОЛДЫ. ОСЫНДАЙ ІС-ШАРАЛАР АЛДА ТАҒЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРМЕК.


“Алғыс айту” күні

Бүгін колледжімізде қаһарлы қыстың соңғы күнінде, ертеңгі жететін жаны жомарт көктемнің алғашқы мерекесі – “Алғыс айту” күніне арналған үлкен мерекелік іс-шара өткізілді. Елбасымыз осыдан З жыл бұрын ғана енгізген бұл мерекенің жүрекке төгер жылуы да мол болды. Табиғаттың өзі мерекеге еңбек сіңіргендей, бүгін ерекше талықсып тұрды емес пе? Ардақты ана-әжелер, іскер, ел үшін еңбек еткен әйелдерге үлкен құрмет көрсетуді дәріптеген бұл іс-шара жастарға да жаңа леп, жылы толқыныс сыйлағаны даусыз. Зинаида Чумакова апайымызға зор алғыс білдіреміз! Мерейлі мерекелер, істелер жұмыстар мұнымен тоқтап қалмасын. Барлығына табыс пен жетістік тілейміз! 


“Әнім саған, туған ел”

26 ақпан күні колледжімізде жастар жылы аясында ұйымдастырылған, Жезқазған қаласының 65 жылдығы мен колледжіміздің 10 жылдығына арналған “Әнім саған, туған ел” атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауда 1-2 курстардан 11 топ бақ сынады. Әділқазылардың әділ шешімі бойынша ПВ – 201 тобы сайыстың ең үздігі деп танылып, 1-орынды иеленді. 
ЭПС-101-102 тобы мен ТУР-101 топтары 2-орын, 
ОПУ-201 тобы мен ТО-201 топтары 3-орынға лайық деп танылды! Қалған топтар белсенді болғандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлығын шын жүректен құттықтаймыз! Рухани жаңғырып, адами дамып қалдық деп білеміз. Әр жастың жүрегінде патриоттық сезім бар екенін бұл байқау дәлелдеп берді. Елбасымыз пердесін түріп берген жастар жылы берекелі болғай. Бұл бастама жақсы деңгейде өтті, жалғасын табады, бұйыртса! 


“Ауғанның асуында от кешкендер”

Осы жылы Ауған соғысына қазақстандық әскердің қазақ жерінен шыққанына 30 жыл толып отыр! Соған орай бүгін оқу-орнымызда “Ауғанның асуында от кешкендер” атты жауынгер-интернационалисттермен кездесу өтті. Қонақта Аманов Ақылбек, Бимұратов Қайсар есімді ардагер ағаларымыз болды. Студенттерге сол сындарлы кездегі саясаттың мәнін, соқпақты жолдар жайлы кеңінен әңгіме өрбітті. Нағыз рухани байлық сыйлайтын сұқбат дерсіз. Сөз соңында батыр ағаларымыз өскелең ұрпаққа өздерінін ақ тілектерін арнады. Осындай санаға орнар салмағы бар іс-шаралар көптеп өткізілсе деген ниетіміз бар. 
Ұйымдастырған: АиУ-201 тобы мен “Жігер Жастар Қозғалысы” ұйымы.


Ұрпақ арасын жалғайды

Жезқазған бизнес және көлік колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Оқу ордасының оқушылары мен ұстаздары мемлекет басшысының жаңа туындысына оң бағаларын берді. Колледж директоры Светлана Жумкина тарихи кітапты қазақты ұлт ретінде әлемге таныстыруға бағытталған туынды екенін атап өтті.

«Үздік ұстаз» медалінің иегері Надежда Дисекенова кітаптың мазмұнына толығырақ тоқталды. «Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген көзқарасын танытады,- дейді тарихшы. Президент кітаптың алғы сөзінде: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады»,- деп кітап мазмұнын айқындап берді. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалған. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай төрт бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, аталмыш кітап Елбасының «Тарих толқынында» туындысының жалғасы іспеттес дегенді алға тартты Надежда Дисекенова.

Кітап авторы тәуелсіз қазақ елінің кешегісін саралай келе, мемлекетіміздің ертеңін айқындап бергендей. Дөңгелек үтел қатысушылары тонның ішкі бауындай бірлігі жарасқан халық ретінде қазақстандық жолдан еш таймауға тиіспіз, ал Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы бет түзер құбыламызға айналуы тиіс деген пікірде тарқасты.


Бірегейлік пен жаңғыру негізі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сөз етілген қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бүгінде ел арасында қолдау тауып, Үкіметті тиісті қаулыға қол да қойылды. Осы маңызды қадам Жезқазған көлік және бизнес колледжінде өткен  дөңгелек үстелге арқау болды.

Бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры, Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі Зинаида Чумакова білім алушыларға тіл реформасында орын алып жатқан өзгерістер жайлы баяндап, жастарды Мемлекет басшысының идеясын қолдауға шақырды.  Сонымен қатар, ол өз сөзінде  озық  елу елдің қатарынан табылуымыз Елбасының көреген саясатының нәтижесі екенін алға тартты.

– Екі модернизацияны бастан өткерген Қазақстан бүгінде үшіншісіне аяқ басты. Бұл – жас мемлекет үшін үлкен жетістік. Кириллицаны латын қаріпіне ауыстыру да Қазақстанның жарқын болашағы үшін қабылданған шешім. Әліпби ауыстыру бір күндік немесе бір ғана адамның бастамасымен жүзеге асатын жұмыс емес. Оған қоса, біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Осының барлығын ескерген Елбасы, тіл мамандары ең біріншіден халыққа үйренуге, қабылдауға жеңіл, тиянақты жаңа әліпби нұсқасын әзірлеп шығарды. 

Жиынды жүргізген  Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ маманы Ұлан Тоқтарқұл өз кезегінде колледж оқушыларына жаңа әліпби үлгісі бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Ал, жастар латын графикасын әлеуметтік желіде кеңінен пайдалатындарын айтып, жазуға қолайлы әрі жеңіл екенін алға тартты.


Аналардың ақ пейілі

Қалалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы Жезқазған бизнес және көлік колледжінде өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, аналар кеңесінің төрайымы Зинаида Чумакованың басшылығымен өткен отырыстың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау және нығайту арқылы халықтың бірлігі мен бірегейгілінің іргетасын қалыптастыру. Кездесу  барысында былтырғы жыл қорытындыланып, аналар кеңесінің болашақтағы жоспарлары  талқыланды.

Кеңес төрайымының орынбасары Раушан Қапарова өткен жылдың есебін ұсынды. Былтыр кеңес мүшелері оқу орындарында, өндіріс ошақтарында қыз-келіншектермен түрлі мазмұнда кездесу ұйымдастырып, қайырымдылық іс-шаралын өткізді. Соның бірі өзекті диалог мектебінің  аясында оқушылар арасындағы суицид, олардың отбасылық, тұрмыстық қарым-қатынастағы агрессивті мінез-құлықтары секілді мәселелер төңірегіндегі отыздан аса жиын ұйымдастырған. Құрылғанына небәрі төрт жыл болған кеңес қоғамдық маңызы бар мәселерді көтеріп, олардың шешімін табу мақсатында «Жас отбасы» клубы, «Аманат» әкелер клубы, «Парасат» қыздар кеңесін ашып, белсенді жұмыс атқаруда. 2017 жылдың наурыз айында «Жақсылық жаса» акциясы аясында Наурыз мерекесін өткізді. Сонымен қатар, Маруа Құлышева атындағы балалар үйіне қаржылай демеушілік көрсетті. «Ақ әжелер» ансамбілінің мүшелері де іс-шараларға белсенді атсалысып, жас қыздармен, жалғызбасты аналармен, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен кездесіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, аналық ақыл-кеңестерін берді. Сондай-ақ, ақ жаулықты әжелеріміз балабақшаларда, мектепте ұлтымыздың салт-дәстүрлерін дәріптейтін сабақтар, дәрістер өткізді.

Өткен жылдың жұмыс есебі тыңдалғаннан кейін Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова  сөз алып, аналар кеңесінің салиқалы ұрпақ тәрбиелдеу ісінде алар орны жайында айтты. Жыл сайын өтетін әжелер, келіндер сайысы отбасының шамшырағы болған әйелдің даналығын, қамқорлығын, ибалығын айқындап береді. Сонымен қатар, Мереке Батырбекқызы аналардың денсаулық жағдайы, әйелдер құқығын қорғау, салт-дәстүр мен тілді, мәдениетті сақтау сияқты мәселелер бойынша мәйекті ойларын ортаға салды. 

Кеңейтілген отырыс барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау мен  ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды.  «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова аналар кеңесі қоғам қасіретіне айналып бара жатқан мәселелердің алдын алу жұмыстарына басымдылық беру керек деген пікірін білдірді.

Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Светлана Жумкина  аналар кеңесінің мүшелеріне бала тәрбиесіне көңіл бөлуді қадағалау керектігін айтады. Бөбекті бесікке бөлеу, бесік жырын айту сынды қазақ халқының тазалыққа тәрбиелейтін ежелден келе жатқан дәстүрі бүгінде ұмытылып бара жатыр. Бұрынғыдай балаларды ерлікке баулып, ертегісін айтып отыратын ата мен әжелердің қатары да сиреп барады. Светлана Серікбайқызы осы мәселелерді көтеріп, ата-ана мен бала, әже мен немере арасын нығайтатын кездесулер өткізуді дәстүрге айналдыру керек деген өз ұсынысын білдірді.

Шара соңында кеңестің шешімі бойынша Надежда Дисекеноваға, Раушан Қапароваға, Лариса Цайға, Шүкір Молдағалиева және Шынар Қажмағанбетоваға алғыс хат табысталды.


Діни экстремизм

19 ақпан күні колледжімізге Жезқазған Университетінің оқытушысы, білім магистрі Арман Кенжебек келіп, студенттерге діни экстремизм жайлы біраз дәлелденген құнды ақпараттар берді. Қазіргі қоғамдағы діни ахуалдың ақсақ тұстарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, колледж студенттеріне әркімнің дін жайлы сөзіне сене бермеу керектігін ескертті. Лаңкестік қозғалыстар, терористтік ұйымдар жайлы сөз қозғады. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап ұсынды. Сөзін қорытындылап, Жастар жылымен, қаламыздың 65 жылдығы және біз үшін ең айтулысы – колледжіміздің 10 жылдығымен құттықтап өтті. 
@arman_zhani, жасай беріңіз, аға! Сіздей ұлтын ойлар тұлғалар саны арта берсін! Колледжіміздің және “Жігер” ұйымы атынан зор алғыс білдіреміз! 


Латын әліпбиі

Бүгін Қазақстан тарихында елеулі оқиғалардың бірі орын алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен қолға алынған қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика көлемінде алғаш рет латын графикасымен жалпыхалықтық диктант жазылды. Айтулы шарадан Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің ұстаздар қауымы мен оқушылары да шет қалмай, бір кісідей қатысты.


Жаңа жыл балалар үйінде

Колледж қабырғасында студенттік жобаларға аса көңіл бөлініп жүр. Жоба аясында студенттер қаладағы балалар үйіне барып, мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер өздерінің шағын концертімен қоса, балаларға арнап бірнеше шағын сайыстар ұйымдастырды, өз сыйлықтарын табыстады. Студенттер балалармен бірге шыршаға арналған суреттерді бірлесе жасады.


16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


1 Желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні

Бүгін, желтоқсанның 1-і – дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні. Биылғы жылы СПИД-пен күрес науқаны “СПИД-ті тоқтатыңыз. Уәдені орындаңыз” ұранымен жүрмек. Қазіргі таңда әлемде ВИЧ-инфекциясын жұқтырған шамамен 40 миллионан астам кісі тіркелсе, 20 миллионнан астам адам осы аурудан көз жұмған. Ал 15 миллион халқы бар Қазақстанда бүгінде 7 мыңнан астам қазақстандық ВИЧ-инфекциясын жұқтырса, 500-ге жуық науқас осы дерттен қаза болған.


«Бизнес арнайы пәндер» кафедрасының 26.11.2018 – 01.12.2018ж.ж. аралығында өткен «Кәсіби шыңдауға бағытталған инновациялық білім» атты апталықтағы ашық сабақтарынан үзінді.

Декада шеңберінде ШПМ-101 тобында өткізілген Физика пәнінің оқытушысы Қ.А.Саринаның ашық сабағы. Сабақ ШПМ – 101 қазақ тобында өтті. Топта 16 студент. Оқу үлгерімі қанағаттанарлық деңгейде. Студенттер «Физика» пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен ұштастыруға ынталары жоғары.                                                                                                                           Электростатика тарауы. Электр заряды және элементар бөлшектер. Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы  тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

«География» пәні:  Сабақтың тақырыбы: Австралия елдері. Тобы: ТО-101  тобына география пәнінен колледжішілік он күндік шеңберінде өткізілген «Аустралия елдері ашық сабағына» Жандилдина Сауле Асансейтовнаның өзіндік талдауы. Бұл сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі тәсілдері студенттердің білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығының артуына, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Химия» пәні: Сабақтың тақырыбы: Алгендер. Гомологтық қатары, изолириясы, номенклатурасы   Тобы: ШПМ – 101 тобына химия пәнінен колледжішілік он күндік шеңберінде өткізілген «Алкендер, қасиеті, номенклатурасы» атты ашық сабағына Омарова Нұргүл Тлегенқызының өзіндік талдауы. Бұл сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі тәсілдері оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.         

«Информатика» пәні: Сабақтың тақырыбы: Бейнежобаны құрудың бағдарламасы Тобы: ЭПС – 301 Бұл сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі тәсілдері оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.        

ПВ – 201 тобына мемлекет және құқық теориясының пәнінен колледжішілік он күндік шеңберінде өткізілген «Құқықтың қайнар көздері және құқық жүйесі» атты ашық сабағына Сазанбаева Гульнур Келисовнаның өзіндік талдауы. Бұл пәнде қолданылған оқытудың әр түрлі тәсілдері оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

АиУ-301 тобына Экономика негіздері пәнінен колледжішілік он күндік шеңберінде өткізілген «Ұлттық шаруашылық экономикалық өсу қарқыны мен циклдік дамуы» атты ашық сабағына Байжан Елдос Төремұратұлының сабағы өте жақсы деңгейде өтті. Әрбір пән оқытушысының мақсаты білім алушылардың білім сапасын көтеру. Ал сабақта қолданылған оқытудан әр түрлі тәсілдері оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ПВ-103 тобына Мусина Гульнара Галымовнаның Физика пәнінен «Термодинамика заңдары» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақта жаңа тақырып бойынша алдын ала тапсырма беріп, оны сабақта қолдану тәсілін, ойлану, ойлау, ой салу, АКТ және СТО технологиясын және моделдеу, түртіп алу, презентация қорғау, студенттердің бірін-бірі бағалау, оқытудың немесе компьютерлік технологияны қолдана отырып, көрнекілік әдісті пайдаланды. СТО арқылы презентация, моделдеу әдісі арқылы оқыту жүзеге асады. Зерттеушілік әңгіме төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады.

ШПМ-301 тобына Қомар Айшаның «Киімдерді үлгілеу»  пәнінен Сен сұлу атты байқау болып өтті. Байқау өте дәрежелі деңгейде өтті. Эстетикалық талғамдарын жетілдіру, әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.

Сайыстың бағдарламасы
1.Таныстыру.
2. Бой жетпеген жерге – ой жетеді,

    Қыран жетпеген жерге – қиял жетеді.

 (өз қиялы  бойынша киімнің эскизін салу)

3. «Алтын ине»   (салынған эскиз бойынша киім үлгілеу)эскиз бойынша манекенде түйреу  арқылы жұмыс орындау Сайыскерлеріміз тігін столында тұрған арнайы заттар арқылы 15 минут ішінде замануи стилде әзірлеп шығаруы тиіс.

4. Манекен бойынша орындаған бұйымдарын қорғап шығу

Ал сабақта қолданылған оқытудан әр түрлі тәсілдері оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Студенттер күні

Халықаралық студенттер күні (International Students’ Day) жыл сайын 17 қарашада атап өтіледі. Ол 1941 жылы Лондонда (Ұлыбритания) өткен фашизмге қарсы күрескен елдердің студенттерінің халықаралық кездесуінде құрылды, бірақ 1946 жылдан бастап атап өтіле бастады.


Жалпы колледждік ата-аналар жиналысы

Жезқазған бизнес және көлік колледжінде жалпы колледждік ата – аналар жиналысы өтті.
Бұл кездесуде негізгі мәселелер талқыланды: колледждің күндізгі бөлімінің оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттердің үлгерімі, 1 курс студенттерінің бейімделуі. Сонымен қатар, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері қаралды, Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау және т.б. туралы педагогтардың баяндамасы тыңдалды.
Жиналыс соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Одан әрі кураторлармен әңгімелесу ата-аналар комитетінің сайлауы өткен топтарда жалғасын тапты, жатақханада оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және тұру мәселелері талқыланды.



«КҮЗ  ХАНШАЙЫМЫ  МЕН КҮЗ  ХАНЗАДАСЫ»

6-қарашада колледжішілік «Алтын күз -2018» сайысы өтті. Сайысқа І-ІІ курс  студенттері қатысты. Сайыстың мақсаты  «КҮЗ  ХАНШАЙЫМЫ  МЕН КҮЗ  ХАНЗАДАСЫ» номинациясын анықтауда  сайыскерлер  төмендегі  кезеңдермен бақ сынасты.

1.Таныстыру

2.Күзгі сый

3. Күзгі киім үлгісі

4. Өз өнерін көрсету

5. Күзгі вальс

        Сайыс қорытындысы бойынша  «КҮЗ  ХАНШАЙЫМЫ – 2018»  номинациясын ОПУ -201 топ студентті Тұрсынова  Гаухар Ержанқызы  иеленіп,  сән- салтанаты жарасқан, эстетикалық талғамы таңдай қақтырған «Нұр-Ай» сән салонының директоры Абдурахман Айжан ханымның 5000 теңгелік сертификатына   ие болды.

«КҮЗ  ХАНЗАДАСЫ – 2018» номинациясын  ОПУ -201 Сапаров Бекзат Болатұлы  иеленіп, «ММ-Fit» тренажер залының директоры Жүсіпханова  Мақпал Болатқызының 5000 теңгелік  сертификатын иеленді.





“Таза бейсенбілік” акциясы

Бейсенбілік іс-шараның мақсаты – колледжге тиесілі аумақты тәртіпке келтіру, тазалау, сонымен қатар қаламыздың одан әрі көркейтуге өз үлестерін қосуға шақыру.
Бұл күні аумақтарды жаппай тазалау, іргелес жатқан аумақты санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды атқару, қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бейсенбілік іс-шараның мақсаты – колледжге тиесілі аумақты тәртіпке келтіру, тазалау, сонымен қатар қаламыздың одан әрі көркейтуге өз үлестерін қосуға шақыру.
Бұл күні аумақтарды жаппай тазалау, іргелес жатқан аумақты санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды атқару, қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар жүргізілді.


Президент жолдауы-2018

Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы – “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.


22 қыркүйек — Тілдер күні

Осыдан тура 24 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні “Тіл туралы” заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.


1 Қыркүйек білім күні

  2018 жылдың қыркүйек айының 1-і күні барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, құттықтау сөздермен жалғасын тапты.


2017-18 оқу жылының іс-шараларының қысқа көріністері

КӨКТЕМ АРУЫ

 

ҚҰРЫЛТАЙШЫ КУБОГЫ – 2016

 

ҰСТАЗДАР КҮНІ