Басты бет

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі Тәрбие бөлімі

Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім 2009 жылы колледждің тәрбие жұмысының жүйелілігін оқу үрдісімен тығыз байланыста қамтамасыз ету және колледждегі тәрбие жұмысын тәрбие және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары негізінде жүзеге асыру және жетілдіру мақсатында құрылған.

Тәрбие бөлімі өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

    • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын және басқа да бағдарламалық құжаттарын насихаттау;

 

    • «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын негізге ала отырып, колледждің студеттік өзін-өзі басқару органдарының, студенттік кеңестер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру;

 

    • Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының, студенттік қоғамдық ұйымдардың қызметін қолдау және дамыту;

 

    • Тұлғаның әлеуметтік, мәдени, рухани дамуы мен дене шынықтыруына ықпал ететін тәрбиелік (патриоттық, мәдени-бұқаралық, қоғамдық, спорттық) іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу;

 

    • Мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларының жоспарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау;

 

    • Студенттермен жеке тәрбие жұмысын жүргізуде кураторлар мен оқытушылардың рөлін арттыру;

 

    • Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда колледж кафедраларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

 

    • Оқумен, тұрмыспен, бос уақытпен, т.б. байланысты мәселелерді шешу мақсатында колледж басшылығының студенттермен кездесулерін тұрақты түрде ұйымдастыру;

 

    • Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру;

 

    • Студенттер жатақханасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

 

    • Білім алушылардың мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, жоғары моральдық қасиеттері мен эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету;

 

    • Колледждің имидждік саясатын жүзеге асыруға қатысу.

 

    • Студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу;

 

  • Студенттерді қоғам, мәдениет қайраткерлерімен, белгілі ғалымдармен кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер өткізу.

 

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қомарова Айжан Қомарқызы

 

 

 

 

 

 

тел.: +7705 221 73 72
e-mail: tarbie_zhkbit@mail.ru
1 корпус, 2 қабат «Тәрбие бөлімі».