Басты бет

ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті құзыреттілікті  үйренеді. Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім.

Кәсіптік тәжірибе колледжде алған  теориялық білімдерін   бекіту, жаңа дағдылар мен құзіреттіліктерді үйренуге, сондай-ақ тәжірибе алуға дағдыландырады. Оқушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жопарына сәйкес жүргізіледі.

Оқу, таныстыру тәжірибесі бірінші және екінші курстарда ұйымдастырылады. Оқу тәжірибесі  өндірістік оқу үлгісінде де іске асырылуы мүмкін. Оқу үрдісі (тәжірибелік сабақ, кәсіпорындағы танысу тәжірибесі, кәсіпорынға саяхат негізінде, көрмеге, мұражайға бару).

Өндірістік тәжірибе арнайы пәнді оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі, яғни өндірістік тәжірибе  теориялық оқу мақсатымен қарастырылған.

Диплом алды тәжірибеде дипломдық жұмыс жазу мен дайындық қарастырылады.

Кәсіптік тәжірибені тиімді ұйымдастыру мақсатында «Кәсіпорындарға ашық есік күні» ұйымдастырылды. Кездесуге келесі әлеуметтік серіктестіктер қатысты:
«Қазақстан Теміржолы» ҰК АҚ;
«Марал- Нұр» ЖШС;
«KM TRANCO» ЖШС;
«Жол жөндеуші» компания» ЖШС;
ЖК «Тулпар»;
«Ютария LTD» ЖШС.

«Қазақстан Теміржолы» ҰК АҚ

 

«Марал- Нұр» ЖШС

 

«KM TRANCO» ЖШС

 

«Жол жөндеуші»компания» ЖШС

 

 «Тулпар» ЖК

 

«Ютария LTD» ЖШС