Басты бет

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Жезқазған Бизнес және көлік колледжіне оқуға қабылдаудың ережесі

1. Жалпы ережелер
1.1. «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай – ақ, шетелдік азматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
1.2. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады;
Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін білім беру ұйымдары белгілейді.

2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
2.1. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
2.2. Қабылдау комиссиясының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру колледж басшысының келісімі бойынша шешіледі.
2.3. Қабылдау ережелері, сондай –ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.
2.4. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
2.5. Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюорография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық – әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата — аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
1) шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын — босқынның куәлігі;
4) паналатуды іздеуші тұлға — паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;
5) оралман — оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын ( жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 12-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
2.6.Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және :
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша ( қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;
Оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады;
Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 1 – қосымшаға сәйкес айқындалады.
Негізгі орта және орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандарының нысаны тестілеу және пәндер бойынша емтихандар арқылы жүзеге асырылады.
2.7. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 25 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша «3» — 8 балл, «4» — 17 балл, «5» — 25 балдарға ауыстырады.
2.8. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляция комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады.
Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және түсу бойы өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
2.9. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау
3.1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады
Конкурс:
Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі:
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ – да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 9 — тармағына сәйкес балл нәтижелері ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем алған, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
3.2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында оқудың сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
3.3. Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.