Басты бет

«Табысты әйел – аймақ мақтанышы»

Ұлытау-Жезқазған аймағының сәнін де, әрін де келтіріп жүрген нәзік жандылар тек аймағымыздың ғана емес, Отанымыздың абыройы екендігін мақтанышпен айта аламыз. Соның бірден-бір дәлелі  –  Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған «Табысты әйел – аймақ мақтанышы» атты іскер әйелдер кездесуі Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің ұстаздар мен студенттерінің қатысуымен өтті.

Өмір жолындағы өнегелі істерімен халық ықыласына бөленген табысты бұрымдылардың қатарын ақын, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, Жезқазған бинес және көлік колледжінің директоры Светлана Жумкина бастаған нәзік жандылар толықтырып, кештің бар сән-салтанатын кіргізді. Кеш көркіне көрік қосқан аймағымыздың іскер әйелдері қатарында Нүрия Жұмажанова, Раиса Архипова, Валентина Горбова, Сәуле Шауенова, Шолпан Шүйіншібаева, Надежда Дисекенова, Рахыш Ідірісова, Валентина Предеина, Гульсина Гареева, Лариса Цай, Марал Тілеужанова, Бақыт Битенова, Надежда Синельникова, Гүлмира Перикенова, Рабиға Егешова да бар.

Әсем әннің құшағында еліте би билеп, өзара тәжірибелерімен бөліскен жезқазғандық іскер әйелдер мен кеш қонақтары «Ақ әжелер» ансамбілі мен «Жезқазған маржандары» хор ұжымы, «Любысток» халықтық ансамблдерінің мүшелері Жезқазған қалалық «Аналар кеңесінің» төрайымы Зинаида Чумакова мен колледжіміздің құрылтайшысы Бекзат Алтынбековтың алғыс хатымен марапатталды.