Басты бет

ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі студентінің этикалық кодексі

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі студентінің этикалық кодексі (әрі қарай – Кодекс) Жезқазған Бизнес және көлік колледжі (әрі қарай – Колледж) студенттерінің жалпы жиналысында қабылданды.

Біз, Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің студенттері, этикалық нормалар мен тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігін түсіне отырып, осы Кодексті қабылдаймыз және оның тармақтарын қалтықсыз орындауды міндетімізге аламыз.

1 тармақ. Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің студенті Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, ЖБжКК Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін, жатақханада тұру ережелерін және басқа да нормативтік актілерін, осы Кодекстің ережелерін сақтайды.

2 тармақ. Колледж студенті білім беру бағдарламаларын игеру, өз кәсіптік құзыретін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс істейді, білімді адал жолмен іздеу негізінде белсенді түрде оқу үрдісіне қатысады.

3 тармақ. Колледж студенті парасаттылық пен зиялылықтың, әділдік пен турашылдықтың үлгісін көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың, ұлтаралық араздаудың тәртіпсіздіктің, жауапкерсіздіктің кез келген көрінісіне қарсы болады.

4 тармақ. Колледж студенті оқу тәртібін сақтайды, оқытушылар мен білім алушыларға сыйластықпен қарап, кішіпейілдік танытады.

5 тармақ. Колледж студенті ұқыпты киініп, өз сыртқы келбетінің оқу орнының эстетикалық нормаларына сай болуына тырысады.

6 тармақ. Колледж студенті өз көзқарасын ашық білдіріп, пікірін дәйекті түрде қорғайды.

7 тармақ. Колледж студенті – колледждің, өз мамандығының патриоты, олардың дамуына оқу нәтижесі үшін жеке жауапкершілігін арттыру арқылы ықпал етеді.

8 тармақ. Колледж студенті өз елінің нағыз патриот азаматына жоғары талап қойылатынын естен шығармай, келесі моральдік-этикалық қағидаларды ұстанады:
еңбекқорлық;
адалдық;
ізденімпаздық;
белсенділік;
сыпайылық;
әдептілік;
шынайылық;
зиялылық;
парасаттылық;
толеранттылық;
қарапайымдылық.

9 тармақ. Колледж студенті оқу барысында сөйлеу мәдениетінің келесі ережелерін сақтайды:
студенттер бір-бірімен және оқытушылар, әкімшілік құрамымен жөн-жосықпен, сыпайы сөйлеседі, сондай-ақ, жаргон сөздерді қолданбайды.
Студенттер айналасындағыларды қорлайтын балағат сөздер мен тіркестерді қолданбайды.

10 тармақ. Іс-шараға (жиналысқа, салтанатты мәжіліске, іскерлік кездесуге, концерттерге, мерекелерге) барған жағдайда сөз сөйлеп жатқандарға сыйластықпен қарап, тәртіп пен тыныштықты сақтайды.

11 тармақ. Колледж студенті осы Кодекстің ережелері бұзылған жағдайы туралы колледж әкімшілігін немесе студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын хабардар етуге құқылы.

12 тармақ. Осы Кодекс нормаларын бұзған үшін келесі шаралар қолдануы мүмкін:
ескертпе;
ескерту;
сөгіс;
жеке іс қағазына енгізілетін қатаң сөгіс;
жатақханадан шығару;
колледжден шығару.