Басты бет

Студенттер “ҚазТрансОйл” АҚ кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді

2019 жылғы 03 мамыр күні сағат 17.00-де «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Идрырысов пен О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған индустрилды-гуманитарлық колледжі, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің өкілдері мұнай құбыры саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба аясында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды.
Жас ұрпақты қолдау жөніндегі бастама Қазақстанда Жастар жылын өткізуге орайластырылған. Жоба шеңберінде “Мұнай-газ ісі” мамандығы бойынша бейінді жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары Жезқазган мұнай құбыры басқармасында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін төлем мөлшері 100 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін болады. Колледж оқушылары практикадан өту аймағына байланысты 70 000-нан 80 000 теңгеге дейін алады.
Мұнай-газ ісінің болашақ мамандары мұнай құбыры көлігі қызметінің ерекшеліктерімен және оның мамандықтарымен таныса алады. Олар мұнай айдау станцияларының операторлары, мұнай-химия талдауының лаборанттары, электромонтерлер, желілік құбыршылар, автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникациялар, мұнай құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар және басқалар.
Тәжірибе қорытындысы бойынша үздік нәтижелері бар түлектер компаниядағы бос лауазымдарға орналаса алады.
Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба бес жылға есептелген.