ƏЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
“Серпін-2050” әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттердің барлығы жатақханада тұрады.
Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 3
Жалпы аумағы: 748,9 м/кв.
Тұрғын аумағы: 598,6 м/кв.
2015-2016 оқу жылында колледж жанынан 100 орындық екі қабатты жатақхана ресми түрде ашылып, студент жастардың пайдалануына берілді. Студенттерді жатақханаға орналастыру белгіленген санитарлық нормаларды сақтаумен, жатақханада тұру ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Жатақханада: ас бөлмесі, киім үтіктеу мен кір жуу бөлмесі, тоңазытқыштар, пештер, кір жуу машиналары бар. Жатақхана алаңында баскетбол, волейбол және мини ‒ футболға арналған алаң бар. Жатақхана студенттердің тұрмыстық қажеттіліктеріне қарай толық жабдықталып, оқу және демалыс орнымен қамтамасыз етілген. Компьютерлік кабинет (ашық Wi-fi желісі), оқу залы, «шахмат», «тенис» үйірмелері және «Сепін-2050» әлеуметтік жобасы студенттерінен тұратын Студенттік кеңес жұмыстары студенттердің жатақханадағы оқу және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған жұмыс жасайды. Жатақхана студенттері арасында жоспары түрде іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оқу жылының аяғында жыл сайын ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында бейне бақылау жүйесі, үш вахтер, екі тәрбиеші және қауіпсіздік қызметі жұмыс жасайды.
- Торжественное открытие студенческого общежития ЖКБиТ
- М.Абенов на церемонии открытия студенческого общежития
- Территория общежития благоустроена
- Студенты полезно проводят свободное время
- Комнаты полностью оснащены
- Площадь комнаты рассчитана на 4 человек
- Общежитие отвечает всем потребностям студентов
- Студенты готовятся к учебе