Басты бет

Құрметті Надежда Исмаковна!

Сізді  мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз!
Сіздің білім менеджменті бағытында тындырып жатқан ісіңіз ерек. Сіздің білім-білігіңіз, жұмысыңызға адалдығыңыз, ісіңізге жауапкершілігіңіз кейінгі толқынға өнеге.
«Ұлағатты ұлы сөз – Ұстаз» деген ұғымды өскелең ұрпақ тәрбиесімен ұштастырған, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін жөні де,  жолы да бөлек ұстаздардың  бірегейісіз.
Әрдайым мәртебеңіз жоғары болып, болашаққа берер тәліміңіз табысты болсын!
Денсаулығыңыз қуатты, шаңырағыңыз шуақты болсын!

Игі тілекпен,
«Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖМ ұжымы