Басты бет

Аккредитация

«АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ» ҰЙЫМЫ ЖЕЗҚАЗҒАН БИЗНЕС және КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ



СМК-ПК-02

 Сапа саласындағы саясат

Миссия – Бизнес және көлік саласына өзіндік үлес қоса алатын әлеуметтендірілген жеке тұлғаларды қалыптастыру негізінде және функционалды сауатты, кәсіби сапалы маман даярлауды қамтамасыз ету арқылы колледждің білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Болашаққа болжам:

Болашаққа батылдықпен қарайтын, Қазақстандық білім жүйесінің озық инновациялық  идеяларын іске асырушы, жас жеткіншіктерді саналы салт-дәстүрлеріміз рухында азаматтық- елжандылық және әлеуметтендіру бағытта тәрбиелейтін, жеке тұлғалардың кәсіптік-шығармашылық потенциалын дамыта алатын жекеменшік сипаттағы колледж.

МАҚСАТЫ:

Сапа менеджмент жүйесін үнемі жетілдіру арқылы білім беруді дамыту.

ОРТАҚ МІНДЕТТЕР:

 Колледждің техникалық білім беру жүйесіндегі сапалы іс-әрекеттерін жетілдіру;

Білім беруді жаңғырту арқылы оқытушының кәсіби имиджімен қоғамдық мәртебесін көтеру.

Әлеуметтік интеграция негізінде ұжымдық мәдениетті дамыту арқылы білім алушылардың тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау.

Колледждің қаржы-экономикалық басқаруын жетілдіру.

 КОЛЛЕДЖДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

Ең жоғары құндылық – адами капитал, ол – бірінші кезекте біздің студенттеріміз – Қазақстан болашағының белсенді құрылысшылары;

Негізгі құндылықтардың бірі – оқытушылардың кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктері;

Колледждің тұрақты дамуының кепілі – оқытушылар, студенттер мен әлеуметтік серіктестердің ынтымақты әріпетестігі;

 ҰЖЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

мақсат бірлігі;

әр адамның денсаулығына және қауіпсіздігіне деген қамқоршылық;

ұжымдық табыстарға біріге ұмтылу;

кәсіби тұрғыда ұдайы өсу;

колледжімізге деген зор мақтаныш;

Колледж ұраны:

Бүгінгі сапалы біліміміз – ертеңгі салиқалы байлығымыз!



План мероприятий по реализации рекомендаций внешней экспертной комиссии Независимого агентства аккредитации и рейтинга