Басты бет

«Дариға – дәурен»

Колледжімізде 13 наурыз күні тағылымы мен тәрбиесі мол тағы да бір кездесу сұхбаты өткізілген болатын. Тарихшы, суретші, әнші Райхан Матай апайымыздың «Дариға – дәурен» атты кеші өтті. Бірнеше өнерді бір бойына тоғыстырған, жасы келсе де, жаны қартаймаған, өнер десе ішкен асын жерге қоятын апайымызбен жүздесіп, сұқбаттасу барша студенттерге де ерекше ұнады. Сарыарқаның даласындай кең жүрегі жастар дегенде мүлдем өзгеше соғатының Райхан апайымыз әр сөзінен аңғартып отырды. Өнерге деген ыстық махаббаты талай жүректі тәнті етті! Салған әні алты қырдан асатындай тым зор, майлы бояумен салған суреттерінде жан бар тәріздес көрінеді! Масайрап, сергіп, рухани құндылықтарға байып қалдық! Алладан апамызға ұзақ ғұмыр тілейміз!