Басты бет

Мүшәйра жарияланады!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Мәңгілік ел мұраты- рухани жаңғыру» тақырыбына  және жауынгер-жазушы  Баубек Бұлқышевке арналған   аймақтық дәстүрлі жыр Мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының негізгі қағидасын, игілікті идеясын насихаттау мақсатында  аймақтық дәстүрлі жыр Мүшайрасы өткізіледі. Мүшайраға Елбасы  мақаласының негізінде тәуелсіз қазақ елінің тарихын, рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясын жырлаған туындылар мен Ұлытау ұланы,  жауынгер –журналист    Баубек Бұлқышевке арналған өлеңдер және еркін тақырыптағы поэзиялық шығармалар ұсынылады.

Мүшайраның мақсаты:

  • «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу.
  • Жастар бойында ұлттық мәдени құндылықтарға құрмет сезімін, патриоттық рухты қалыптастыру;
  • Жауынгер- жазушы, туған жерді аялау мен бағалаудың үлгісі ретінде Баубек Бұлқышевтің шығармаларын насихаттау;
  • Жас таланттар шығармашылығына жол ашу.

ІІ. Ұйымдастырушы:  Жезқазған Бизнес және көлік колледжі    және  «Ұлт және Ұлытау» тарихи-танымдық, көркем – әдеби журналы.

ІІІ. Қатысу ережесі
Мүшәйраға аймағымыздағы 16-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
Мүшайраға қатысушылар туған жер тарихын,  «Мәңгілік Ел» идеясын арқау еткен өлеңін және  Баубек Бұлқышевке арнаған өлеңі мен еркін тақырыпқа бір өлең  тапсырады. Мүшайраға келіп түскен өлеңдер қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі. Сұрыптаудан өткен өлең иелері мүшәйрасының қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатысады. Марапаттау кешінде жүлделі үш орынға және ынталандыру сыйлықтарына ие болған өлеңдердің  авторлары шығармаларын оқиды.

Мүшәйра тақырыптары:

  • Ел тарихына, жер тарихына арналған 1 өлең
  • Мәңгілік ел идеясын арқау еткен 1 өлең
  • Еркін тақырыпқа 1 өлең

ІV. Мүшәйра талаптары:
– Қатысушы мүшәйраға берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған, жаңа өлеңдерін ұсынады;
-авторлар өлеңдерінің бір данасын электронды түрде  флешкаға, екінші данасын А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге тапсырады. Өлеңнің екі данасына да автордың бүркеншік аты жазылады;
-автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмірлерін, мүшәйраға қатысу туралы сұранысты бөлек конвертке салып жолдайды.
Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқы бар.
Қатысушылар өлеңдерін мына мекенжайға жіберуі керек: Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі- 37а. Байланыс телефондары: 8 (7102) 74-16-31
эл. почта: zhezkanat@mail.ru

Өткізу тәртібі:

  • Өлеңдер мен сұраныстар 2017 жылдың  қараша айының 30-на  дейін  қабылданып, әділқазылар алқасының сараптау жұмыстары жүргізіледі.
  • Желтоқсан айының 6-сы күні, сағат 11. 00-де  Мүшайра жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жүргізіледі.
  • Мүшәйраның жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

•  Мүшәйра жеңімпаздарының өлеңдері «Ұлытау және Ұлт» журналында, әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграм) , «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ http://zhkbit.kz/ru/home/ сайтында  жарияланады.

 

Өтініш үлгісі

1. Автордың толық аты-жөні  
2. Автордың бүркеншік аты  
3. Туған жылы, айы, күні  
4. Оқитын немесе жұмыс жасайтын мекемесі  
5. Мекен-жайы  
6. Байланыс нөмірі  
7. Өлеңдер қосымша тіркеледі