Басты бет

“Мамандықтану” арнайы пәндер кафедрасының бастамасымен өткізілген іс-шаралар

2018 жылдың 03-08 желтоқсан аралығында “Мамандықтану” арнайы пәндер кафедрасында колледждің 10 жылдық мерейтойына арналған “Көлік еліне қызықты саяхатқа 10 жыл” атты жыл сайынғы оқу-әдістемелік он күндік өтті. Он күндік аясында кафедра оқытушылары өзекті тақырыптарға қызықты ашық сабақтар, әлеуметтік серіктестік өкілдерімен және колледж түлектерімен кездесу сабақтарын, өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша конференция, семинарлар, викториналар өткізді. Кафедра оқытушылары өткізген іс-шаралар әріптестеріне жоғары баға беріп, қонақтар мен студенттердің жақсы пікірлеріне ие болды.


28.02.2018 жылы темір жол мамандығының студенттері арасында облыстық  кәсіби “Темір жол интеллектуалдары”  байқауы өткізілді.  

Біздің колледждің “#1”, командасының құрамы Абдиамитова Ә.Е., Серікбаев Ә.Қ., Есенбеков Е.Е., Құдайбергенова А.Ғ., Сартбасова А.Б., жүлделі II орынды иеленді.


«Шебер құрастырушылар» тобының қызметі туралы

Қазіргі әлемде мамандардан кәсіби сауаттлықтан бөлек шығармашылық, тапқырлық, белсенділік және дарындылық қажет етіледі.

Колледж базасында студенттердің шығармашылық,  құрастырушылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Шебер құрастырушылар» тобы құрылған болатын. Топта жұмыс істеу үшін жобалау мен модельдеуге қатысуға ниет білдірген әр түрлі мамандықтардағы барлық топтың студенттері шақырылады.

Топта жұмыс істеу, студенттерге слесарлық, электротехникалық, құрастыру және жобалау жұмыстарын тұтастай алғанда өндірістегі практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

2013 жылдан бастап топқа 60-тан астам студент қатысты. Ең ауқымды жұмыстар бірнеше рет қалалық және облыстық көрмелерде, байқалауда көрсетілді және лайықты деп танылды.

Жыл сайын ГОК студенттері «Үздік маман», «Үздік теміржолшы», «Үздік құрылысшы» кәсіби байқаулары үшін  макеттер дайындайды.

2016 жылы ГОК студенттері облыстық макеттер, стендтер, темір жол мамандығы бойынша  моделдер байқауына қатысты. Нәтижесінде      Сапарбек Е., Ыбырайым Б., Омир Р. «Қарапайым бағыттамалық аударма сызбасы» оқыту стендісін әзірлегендері үшін II орынды иеленді.

2017 жылы ГОК қатысушыларымен болған «Эрудит» темір жол мамандықтары бойынша облыстық студенттер байқауында, 3 орынға ие болып,  қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасын алған  «Жез қырандары» тобы 3D кітабін әзірледі.

Биылғы  жылы колледж басшылығының шешімімен белсенді жастардың шығармашылық дамуын кеңейту және қолдау мақсатында «Үздік  құрастырушы – 2018» номинациясы бойынша шығармашылық конкурс өткізуге шешім қабылданды.


21.02.2018 жылы «Шебер құрастырушылар» тобының шығармашылық ойларын кеңейту мақсатында «Үздік  құрастырушы – 2018» номинациясын анықтау үшін байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: «Шебер құрастырушылар» тобының шығармашылық есебін ұсыну; дарынды жастарды анықтау және ынталандыру.

Шараның құрметті қонақтары колледждің әлеуметтік серіктестік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Байқаудың қазылар алқасы колледждің әлеуметтік серіктестік кәсіпорындардың өкілдері және колледж басшыларымен бірге белсенді студент өкілі ұсынылды. Байқауға үш бағыттағы 13 шығармашылық жұмыстар ұсынылды: мәдени мұра, көлік кешені, кәсіби даярлау бағыттары.

Қазылар алқасының шешімімен келесі орындар белгіленді: 3 орын – «Әділет» тобы,  «Сот залы» макеті, жетекшісі Ершуманова Б.Б.; 2 орын  –  «Болашақ» тобы, «Zhez road» макеті, жетекшісі Қарымсақова Г.А.; 1 орын – «Алаш» тобы, «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» макеті,  жетекшілері  Оспанова Л.Ә., Жараспаева Н.К. «Үздік  құрастырушы – 2018» номинациясын   «Автоматик» тобы, «Ақылды үй» макеті,  жетекшісі Мусина Г.Г. тобы иеленді.

Қалған барлық командаларға алғыс хаттар табыс етілді.