Басты бет

“Білім” жалпы білім беретін пәндер кафедрасының бастамасымен өткізілген іс-шаралар

«Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл»

ҚР «Тіл туралы» заңының төңірегінде мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің әлеуметтік серіктес Жезқазған қаласының  жалпы білім беретін мектептері мен колледждері және «Nur Otan» партиясымен бірлескен  «Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл» атты қалалық интеллектуалды-шығармашыл байқау өтті. Бұған үш тілді жетік меңгерген 9 сынып оқушылары мен колледждің алғашқы курс студенттері қатысты. Бұл байқау 2019 ж  қазан  айының 1, сағат 11:00-де «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  ғимаратында өтті.

     Конкурс нәтижесінде жеңіске жеткен жеңімпаздарға арнайы орындар белгіленді. Гран-При «Үздік полиглот» № 10  ЖББ ОМ оқушысы Елемесова Сания;  І орын- № 1 ЖББ ОМ оқушысы Асилова Камила,  ІІ орын – № 11 ЖББ ОМ оқушысы Каримова Назгүл , ІІІ орын – № 8  гимназия оқушысы Ғазиз Жамал, «Креативті эссе» номинациямен  №  1 ЖББ ОМ оқушысы Қайрат Гүлім , «Үздік аудармашы» номинациямен  № 1 ЖББ ОМ оқушысы Сарқыт Асылай , «Үздік лингвист» номинациямен  № 5 ЖББ ОМ оқушысы  Жантүлекова Қаламқас марапатталды.Үздік қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс Хат берілді.


«Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл»

қалалық  интеллектуалды-шығармашылық байқаудың ІІ кезеңі

27. 09. 19. күні колледж базасында қала мектептері мен колледждері арасында «Біздің стратегиялық бағытымыз – көптілділік» атты зияткерлік-шығармашылық сайыстың  ІІ кезеңі өтті.

  Тестілеу кезеңіне қаланың  № 1,4,5,8,10,11 орта мектептері мен  «Жезқазған бизнес және көлік колледжі», Жезқазған музыкалық колледжінің студенттері қатысты.

«Білім» әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасында 19- 24.11.2018 ж.аралығында «Білікті оқытушының нәтижесі – сапалы маман дайындау»атты тақырыпта оқу-әдістемелік декадасында 5 оқытушының сабақтары және сабақтан тыс шығармашылық іс-шаралары өткізілді. Атап айтсақ: «Латын әліпбиі – ХХІ ғылым мен білім беру тілінің негізі» атты дөңгелек үстел, 22 қараша күні ресурстық мектептер арасында кәсіби бағдар негізінде «Тілтаным» атты интеллектуалды сайыс 9 мектеп базасында өтті.


27 желтоқсан күні колледжішілік пән олимпиадасы өтті. Пән олимпиада қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндері бойынша өтті. Барлық пәндер бойынша олимпиада тапсырмалары екі айналымнан құрылған. Төрт пән бойынша 30 студент олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.


ҚР «Тіл туралы» заңының төңірегінде мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің әлеуметтік серіктес Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері және «Нұр Отан» ХДП ЖФ колледж деңгейіндежалпы білім беретін мектеп пен колледждер арасында «Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл» атты қалалық интеллектуалды-шығармашыл байқау өтті. Бұған үш тілді жетік меңгерген 9 сынып оқушылары мен колледждің алғашқы курс студенттері қатысты. Бұл байқау 2018 ж. кыркүйек айының 25-і сағат 10:00-де ЖМ «ЖБжКК» ғимаратында өтті.

 «Үздік полиглот» атағына және Бас жүлдеге Қ. И. Сәтбаев атындағы № 7 мектептің оқушысы  Тахтанова Мөлдір ие болды. І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар № 8 гимназияның, Қ. Шыңғысов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына және музықалық колледждің студентіне берілді. Белсенді қатысушылар «Үздік аудармашы», «Үздік лингвист», «Креативті эссе» номинацияларымен табысталды. Үздік қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс Хат берілді.