Басты бет

Колледж туралы

2009 жылы ашылған Жезқазған Бизнес және көлік колледжі бүгінде аймағымызда сұранысқа ие мамандықтар дайындап  жатқан үздік орта кәсіби-техникалық білім беру оқу орындарының бірі болып табылады.
Колледжің 14 мамандық бойынша білім беру іс – қызметін жүргізуге рұқсат беретін лицензияларға ие және келесі талаптар сай келеді:
  1. Оқыту үрдісі ҚР ИСО-2001-2009 сапа менеджменті жүйелері негізінде жүзеге асырылады;
  2. Инженер-педагог мамандармен толық қамтылған;
  3. Дуалық оқыту жүйесі енгізілген;
  4. «Білім мен бизнес» әріптестігі жолға қойылған;
  5. Меморандум негізінде халықаралық серіктестік орнатылған.
  6. Колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Колледж мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруға, Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Мәңгілі ел, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеяларын алға жылжытуға және бұлармен тығыз байланысты инновациялық индустриалдық, «Нұрлы жол» бағдарламаларын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындауға өз үлесін қосуда.
Маңызды оқиғалар жылнамасы
2009 жылы
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ ашылды;
2010 жылы
РИПКСО-мен бірлескен онлайн режимінде әдістемелік семинар өткізілді;
2011 жылы
2011-2015 жылдарға арналған «Педагогикалық менеджмент жүйесін құру» ДБ Қарағанды ББ бекітті;
2012 жылы
2012-2015 жылдарға арналған  колледждің Стратегиялық жоспары бекітілді;
Ең алғашқы  63 түлек бітірді;
Колледж құрылтайшысы Б.К. Алтынбеков ҚР «Білім меценаты» болды;
2013 жылы
Колледж базасында алғаш рет аймақтық деңгейде оқытушылар және студенттер аралығында ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді; 
ҚР СТ ИСО 9001-2009.Сапа жүйелері талаптарына сәйкестігі куәландырылды. (KZ О.01.0759  ҚСС №0023593)
Алғаш рет Мемлекеттік бюджеттен жалпы білім беру Грантына 20 орын бөлінді;
«Шексіз білім» жоба-жоспары аясында Малайзияның білім-ғылым саласындағы білім беру мекемелерімен Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Мемарандумға колледж директоры қол қойды;
2014 жылы
Колледж алғаш рет Мемлекеттік аттестациядан 14  мамандық бойынша өтті;
Қарағанды облысы ББ №322 бұйрығына сәйкес 1211000-«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша дуалдық оқыту эксперименттік алаңы болды;
2015 жылы
2011-2015 жылдарға арналған  «Педагогикалық менеджмент жүйесін құру» ДБ және 2015-2018 жылдарға арналған  колледждің Стратегиялық жоспары сәтті аяқтады;   
2015-2018 жылдарға арналған  колледждің Стратегиялық жоспары бекітілді;
Белоруссия Республикасы, «Азёма» ЖК және колледж арасында білім ғылым саласында Халықаралық ынтымақтастық жөнінде Мемарандум жасасты;
Колледж базасында алғаш рет Республикалық Семинар-практикум өткізілді; 
Колледж 100 орындық «Студенттер жатақханасы» ашылды;
Колледж «Мәңгілік Ел Жастары-Индустрияға» мемлекеттік-әлеуметтік жобасына қатысып, 50 талапкерді оқуға қабылдады;
2016 жылы
Колледж базасында алғаш рет оқытушылар аралығында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді;
Колледж базасында алғаш рет студенттер аралығында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді;
ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығы мерекесіне орай қала жастары үшін «Жастар орталығы» ашылды.
2017 жылы
 
  • Дуальды оқыту жүйесі негізінде 29 түлек 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығын бітіріп, 18 түлек «Ютария- ltd»өндірістік- инновациялық компаниясына жұмысқа орналасты;
  • Теміржол мамандықтары бойынша оқу полигондары мен лабораториялар ашылды;
  • Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігінен  (АРТА) институционалды және теміржол саласының 2  мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті;
  • «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» мемлекет тапсырмасын орындау мақсатында 155 талапкер жұмысшы мамандығы бойынша оқуға қабылданды.
2018 жылы
 
  • «Мәңгілік ел жастары «Серпін-2050» мемлекеттік әлеуметтік жобасын іске асыруға белсенді қатысып, осының нәтижесінде алғашқы 48 түлек бүгінде оқуларын аяқтап, түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде табысты еңбек етуде.
  • Сапа менеджмент жүйесі негізінде жаңаланған ҚР СТ ИСО 9001-2016 жаңа стандарт талаптары  бойынша білім беру қызметінің сәйкестігін қайта бекітті;
  • «Баршаға тегін техникалық және кәсіптік білім беру» мемлекеттік жобасын іске асыру мақсатында колледжде  мемлекеттік тапсырыстар негізінде жұмысшы мамандықтары бойынша 106 студент- жастар оқуға қабылданды;