Басты бет

ҚХР-да тәжірибе алмасып қайтты

Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы Алтынбеков Бекзат Қомарұлы Білім жəне ғылым министрлігі өкілдері, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы, ЖОО басшылары жəне “Серпін-2050” əлеуметтік жобасының өкілдерінен құралған делегация қатарында Қытай Халық Республикасында іс сапарда болып қайтты.
Іс сапардың басты мақсаты Қытай елінің оқу орындарымен, оқу бағдарламасымен танысып, тəжірибе алмасу. Екі ел арасында білім саласы бойынша ортақ жаңа жобалар құрып, ынтымақтастықты жаңғырту.