Басты бет

“Қайырымдылық жасау эстафетасы”

“Жас Отан – Жастар қанаты” қабылдап алған қайырымдылық жасау эстафетасының жалғасы. Жалғыз басты 95 жасар Мария Леочевна әжейдің үйін жинасып, ауласын тазартып, дүкеннен керегін алып келіп, қарын күредік. 8 наурыз күні 96 жасқа толатын әжей бұл қайырымдылық өзінің туған күніне жасалған үлкен сыйлық екенін айтып, ризашылығын білдіріп, бір жылап алды. Колледж жастарына “Жарайсыздар! ” дейміз! Бағындырар белестер алда әлі!