Басты бет

“IT Start Up” жобалар байқауы

Бүгін колледжімізде жаңа технологияларды насихаттап, жастарға үйрету үшін “IT Start Up” жобалар байқауы өтті! Колледж информатигі Омарова Ақерке мен директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, шет тілі мұғалімі Түсіпбекова Гүлнұр мұғалімдердің ұйымдастыруымен өткен керемет байқауда колледжіміздің білім алушылары “Ең үздік бейнеролик”, ” Ең үздік слайд” номинациялары бойынша сынға түсті. Бұл байқаудан ұстаздар да қапы қалмады! “Ең үздік электронды оқулық” аталымы бойынша ұстаздарымыз да бақ сынады! Ең үздік бейнеролик” номинациясының иегері АиУ-101 тобының студенті Марат Гүлім, жетекшілері- @zhansaya_0203@nurgul7279.”Ең үздік слайд” номинациясының иегері- АиУ-301 тобының студенті Бибінұр қызымыз, “Ең үздік электрондық оқулық” бойынша арнайы пәндер оқытушысы Анар Берлібекова бас жүлдені қанжығасына байлады! Осындай жаңа технологияларды үйрену ісі әрі қарай дами береді деген ниеттіміз! ЖКБИТ жастары алға!