Басты бет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы мақсатта Жезқазған Бизнес және көлік колледжі қәзіргі таңда 5 мекемемен өзара халықаралық ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасты.  Келісім –шарттың пәні  кәсіптік –техникалық білім беру саласындағы, біліктілік арттыру, сондай –ақ, ғылыми –зерттеу және шығармашылық саласындағы ынтымақтастық.

1. Малайзия мемлекетінің білім беру мекемесі Management & Science University;

2. Меморандум/ТОО «FATTAH EDUCATION» білім беру саласында;

3. Меморандум/«Республиканский институт профессионального образования» Беларусь Республикасының білім беру мекемесі;

4. Меморандум/Жеке кәсіпкер Азёма Татьяна Вячеславовна қ.Минск, Беларусь Республикасы;

5. Tampere Vocational College Tredu/Helena Koskinen


«Шексіз білім беру» инновациялық жобасы шеңберінде шетелдік білім беру мекемелерімен де тығыз байланыс орнатылу жалғасуда. Биылғы жылдың өзінде «Туризм» мамандығы бойынша «Caspian Center» академиясымен екі жақты мүддеде ынтымақтастық орнату бойынша меморандум жасалып, студенттерді  Түркиядан қонақ үй шаруашылығы мен  туризм саласы бағытында  кәсіби тәжірибеден, стажировкадан өткізу  мақсатында жұмыстар жүргізілуде.