Басты бет

Директор блогы

Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің сайтына қош келдіңіздер!

ЖУМКИНА СВЕТЛАНА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
Филология ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі,
Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры,
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
Жезқазған қалалық мәслихат депутаты, «Жастар жанашыры-2016».
ДИРЕКТОР

Біздің оқу орнымен танысу арқылы тек пайдалы мәліметтермен шектелмей, Сіздер үшін әрі қызықты ақпараттар болады деп ойлаймын. Жезқазған Бизнес және көлік колледжі -Жезқазған қаласындағы үздік кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарының бірі. Біз колледж тарапынан студенттердің толыққанды сапалы білім алуына жайлы жағдай жасауға тырысамыз.
Колледждің ең мықты тұстары – әр бастаманы оқытушылар, студенттер, жалпы колледж қызметкерлерінің тату әрі бір команда құруына бағытталған. Бұл – білім алуда және қоғамдық өмірде колледждің жоғары нәтижелерге жетуінің кепілі болып табылады.

Жезқазған Бизнес және көлік колледжіне қош келдіңіздер!


Директордың қабылдау кестесі

Сәрсенбі 15:00 – 17:00
Сенбі 10:00 – 12:00

 


Құрметті сайтқа кірушілер!

Жылдам жауап алу үшін сізден өз сұрақтарыңыздың мәнін анық және толық көрсетуіңізді сұраймыз.
Керекті бағандарды қажетті мәліметтермен толтырғаннан кейін сізге сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. 
Төмендегі мазмұндағы сұрақтар қарастырылмайды:

  • Жекелеген жағдайларды қоспағанда, анонимдік қалыптағы сұрақтар;
  • Тіл мәдениеті сақталмай жазылған сұрақтар;
  • Оқуға түсініксіз және түсініксіз қысқартулары бар сұрақтар;
  • Сұрақ қойылып отырған адамның құзыретіне қатысы жоқ сипаттағы мәселелерді қозғайтын сұрақтар;

Директор блогына келіп түскен сұрақтар жауабы сұрақ қоюшының жеке электрондық поштасына жіберіледі және колледж директорының студенттермен кездесулерінде талқыланады.

Сұрақ қою бағаны өңделуде. Директорға сұрақтарыңызды zhkbit.kz@gmail.com электрондық поштасы арқылы жолдауларыңызға болады.