Басты бет

Дипломдық жұмыстар қорғалуда

Бүгін “Жезқазған бизнес және көлік колледжінің” 2018-2019 жылғы түлектері – “Автоматтандыру және басқару” тобының студенттері өздерінің дипломдық жұмыстарын абыроймен қорғап шықты. Колледжіміздің әлеуметтік серіктесі Жезқазған қаласындағы Жаңа -Арка қашықтық дабыл және байланыс филиалының начальнигі Ғалым Әкимович қатысып студенттер білімін саралап түлектерге үлкен өмірге сәттілік тіледі.

“Жезқазған бизнес және көлік колледжінің” 2018-2019 жылғы түлектері – “Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және қызмет көрсету” тобының студенттері өздерінің дипломдық жұмыстарын абыроймен қорғап шықты. Колледжіміздің әлеуметтік серіктесі Жезқазған қаласындағы “Марал-Нұр” ЖШС қызметкері Қуаныш Қайрханұлы қатысып, студенттер білімін саралап түлектерге үлкен өмірге сәттілік тіледі.