Басты бет

“Болашақ бүгіннен басталады”

 коллледжімізде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай “Болашақ бүгіннен басталады” атты үлкен іс-шара өтті. “Жас Отан-Жастар қанатына” жолдаған бір күндік қайырымдылық эстафетасының пердесі біздің колледжімізде түрілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, біздің жанашыр ұстазымыз Айжан Комаровнаның @aizhan_komarovaқолдауымен “Жігер” Жастар қозғалысы ұйымы ұйымдастырған бұл іс-шара өте жоғары деңгейде жалғасын тапты дей аламыз. Колледжіміздің іргетасын қалаушы Бекзат Қомарұлы @bekzat_aktogai біздерге өсиет болар мықты сөздер айтып, өзімізге деген сенімімізді күшейтті. Біздерге сапалы білім беріп жатқан осындай оқу-орны үшін мың рақмет! Бұдан кейін эстафета @abai_bagchai.jasotan -ға жолданып, әрі қарай колледж жастары мен “Жігер” ұйымы қайырымдылық жасауға аттанды!