Басты бет

“Бизнес” кафедрасының апталығы өтті

20-25 қараша аралығында колледжіміздің «Бизнес» арнайы пәндер кафедрасында Жезқазған Бизнес және көлік колледжі «Бизнес» арнайы  пәндер кафедрасының «Кәсіби шыңдауға бағытталған инновациялық білім» атты апталығы өтті.

Апталықтың мақсаты: Кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; Оқытушы: Студенттердің өз бетінше ізденуге мотивация жасау, жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеру,шығармашылық дағды, біліктерін қалыптастыру. Студент: теориялық білімдерін тәжірбиеде  қолдана білудің алғы шарттарын үйрену. «Бизнес» арнайы пәндер кафедрасының апталығы «Бүгінгі сапалы біліміміз- ертеңгі салиқалы байлығымыз» ұранымен өтті.