Басты бет

«Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл»

ҚР «Тіл туралы» заңының төңірегінде мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің әлеуметтік серіктес Жезқазған қаласының  жалпы білім беретін мектептері мен колледждері және «Nur Otan» партиясымен бірлескен  «Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл» атты қалалық интеллектуалды-шығармашыл байқау өтті. Бұған үш тілді жетік меңгерген 9 сынып оқушылары мен колледждің алғашқы курс студенттері қатысты. Бұл байқау 2019 ж  қазан  айының 1, сағат 11:00-де «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  ғимаратында өтті.

     Конкурс нәтижесінде жеңіске жеткен жеңімпаздарға арнайы орындар белгіленді. Гран-При «Үздік полиглот» № 10  ЖББ ОМ оқушысы Елемесова Сания;  І орын- № 1 ЖББ ОМ оқушысы Асилова Камила,  ІІ орын – № 11 ЖББ ОМ оқушысы Каримова Назгүл , ІІІ орын – № 8  гимназия оқушысы Ғазиз Жамал, «Креативті эссе» номинациямен  №  1 ЖББ ОМ оқушысы Қайрат Гүлім , «Үздік аудармашы» номинациямен  № 1 ЖББ ОМ оқушысы Сарқыт Асылай , «Үздік лингвист» номинациямен  № 5 ЖББ ОМ оқушысы  Жантүлекова Қаламқас марапатталды.Үздік қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс Хат берілді.