Басты бет

«Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл»

ҚР «Тіл туралы» заңының төңірегінде мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің әлеуметтік серіктес Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының жалпы білім беретін мектептері мен колледждері және «Нұр Отан» ХДП ЖФ колледж деңгейінде жалпы білім беретін мектеп пен колледждер арасында «Біздің стратегиялық бағытымыз – үш тұғырлы тіл» атты қалалық интеллектуалды-шығармашыл байқау өтеді. Бұған үш тілді жетік меңгерген 9 сынып оқушылары мен колледждің алғашқы курс студенттері қатысады. Бұл байқаудың I-кезені  2019 ж. кыркүйек айының 27-і сағат 10:00-де ЖМ «ЖБжКК» ғимаратында, II-кезені «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ өтеді.