Басты бет

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ- теміржолдың мамандары болашақ теміржолшыларды даярлауда

Колледждің стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған Бизнес және көлік колледжі студенттердің  тәжірибелік бағытына баса көңіл бөлуде. Себебі  кәсіпорын базасында студенттердің теориялық білімімен қатар тәжірибелік дағдылары қоса қалыптасады. Осы негізде  1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»,  1203000 “Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының  ІІ-ІІІ курс студенттеріне теміржол мамандары  АО «КТЖ-Жүк тасымалы» Қарағанды бөлімі ЖТ, станция басшысы Айкумбеков Ислам Шакаримович пен АО «КТЖ-Жүк тасымалы» Қарағанды бөлімі ЖТ, Жезқазған станциясының ТҚӨ аға операторы Нурмаганбетова Гулбаршын Абсадыковна  дәріс беруде. Негізінен тәжірибелік сабақтар АО «КТЖ-Жүк тасымалы» Қарағанды бөлімі ЖТ, Жезқазған станциясы базасында арнайы бекітілген кестемен өтеді. Негізінен бұндай әдістерді оқу үрдісінде пайдалану болашақ теміржол мамандарының мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, жұмыспен қамтылу мәселесінде де көп септігін тигізеді. Әлеуметтік серіктестер тарапынан бұндай қолдаулар  колледжге деген сенімділіктерін көрсетеді.