Басты бет

АРТА Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы аяқталды

2019 жылдың 21 мамырында Жезқазған Бизнес және көлік колледжінде ҰҚУ Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы аяқталды.

Жұмыс барысында Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің АРТА стандарттарына сәйкестігі білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы мәселені қарау үшін Аккредиттеу Кеңесіне ұсынымдар жіберілді. Білім беру ұйымы және білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты Аккредиттеу Кеңесінің қорытынды шешімінен кейін сайттан көре аласыздар.