Басты бет

Әлеуметтік серіктестермен жұмыс қарқынды

Бүгін Жезқазған университетінде “KazTransOIL” әлеуметтік серіктестеріміздің практикасынан үздік өткен студенттер мен оқу-орын басшыларын марапаттау өтті. “KazTransOIL” мекемесінің басшысы А.Бешимов колледж директоры Светлана Серікбайқызына алғыс хатты өз қолымен табыстады.Сондай-ақ, АиУ-401 тобының студенті Сұлтанова Бибінұр және Сад-401 тобының студенті Тыныбекова Жазира жауапкершілігінің арқасында, практикадағы белсенділігі үшін марапатталды. Колледж ұжымы атынан әлеуметтік серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз! Оқу-орнымыздың өзге жастарына да үлгі болады деген сенімдеміз!