Басты бет

СЕМИНАР

Жезқазған Бизнес және көлік колледжінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша аға оқытушы, доцент, Қазақстан Оқу Ассоциациясының тренері Смағұлова Ғазиза Ғабдуллақызының қатысуымен «Білікті маман қалыптастырудағы оқытушылардың жаңашыл іс-әрекеті» атты облыстық семинар-практикум  өтті.

Семинар-практикумның  мақсаты: Оқу үдерісінде оқытушыларға сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру. Болашақ мамандарды даярлауда сабақ мазмұнын жаңарту арқылы болашақтың зерделі, жеке тұлғасын қалыптастыру.

Семинар-практикум міндеттері:

  • Сын тұрғысынан ойлау (СТО) технологиясының стратегияларын сабақта қолдануға бағыт-бағдар беру;
  • Арнайы пәндер үшін СТО технологиясының ең тиімді стратегиялары туралы;
  • СТО технологиясының стратегияларын тақырыпқа сай пайдалануды үйрену;
  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдана отырып , өзара  тәжірибе алмасу;

Облыстық семинар-практикум  аясында арнайы пән оқытушылары Сарина Айдана Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу» мамандығының студенттеріне «Автогрейдер» тақырыбында, Карымсакова Гүлмира «Зиянды және қауіпті факторлер»,  Мусина Гүлнар Галымовна «Технологиялық процестерді автоматтандыру»,  Кеңесбаева Назгүл  «Иық бұйымдарын құрастыру» тақырыптарында сабақтар өткізд.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегтері оқытушылардың әдістемелік іс-тәжірибесінде өз нәтижесін беруде. Техник-педагогтар бұл әдіс-тәсілдерді игеріп, өз тәжірибесінде қолдану арқылы әдістемелік шеберліктерін шыңдауда. Өткен оқу жылы колледждің 6 оқытушысы қатысса, биылғы оқу жылы 9 оқытушы қатысып, арнайы сертификаттар алды. Оқытушылар бүгінгі таңда өз сабақтарының құрылымынан бастап, жалпы өту барысына әдістемелік өзгерістер әкелді.


ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАУ- БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, 2020 – Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттарында «Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіптік стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» екенін атап көрсетті.

Осы міндетті іске асыру мақсатында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ 2016 жылдың 18-20 қазан күндері Жезқазған бизнес және көлік колледжі базасында колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін «Кәсіптік стандарт құрылымын білім беру бағдарламаларына проекциялау технологиясы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.


Халықаралық меморандум негізінде өзара тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында Белоруссия Республикасынан кәсіби коуч, халықаралық оқытушылар олимпиадасының жюри мүшесі, педагогика ғ.к. Азёма Татьяна Вьячеславна  арнайы келіп, колледжден 19 оқытушыға «Технологии Эриксоновского коучинга в образовании:  Теория и практика» тақырыбында оқыту-семинарын өткізді. 19 оқытушы  халықаралық деңгейде сертификат алып, қазіргі таңда өз іс-тәжірибелерінде коуч технологиясының элементтерін қолдануда;