Басты бет

“ШЕБЕРЛІК” ОТОМ

ШЕБЕР ҰСТАЗДАН–ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі  ұжымның ғылыми – әдістемеліктің келелі мәселесі: «Оқытушылардың үздіксіз білім алу жүйесін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру».
2016-2017 оқу жылы колледж миссиясын басшылыққа алып «оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгере отырып, оқу-әдістемелік процесті жетілдіруге ықпал ету арқылы көлік және бизнес саласында сапалы кәсіби маман даярлау» үшін педагогикалық ұжымның кәсіби құзырлығын көтеру және оқытушылардың шығармашылығын жетілдіру басты міндеттердің бірі болды. Ол үшін түрлі бағытта іс-шараларды ұйымдастыра отырып, әрі халықаралық,республикалық,облыстық  семинарларға колледж оқытушыларының жүйелі түрде қатысуын қадағалайды.