Басты бет

Әдістемелік бөлім

ҒӘК әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «ғылыми-әдістемелік қызмет арқылы
инновациялық оқыту технологияларын енгізуге жағдай жасау»

Нұртазинова
Жансая
Серікқызы

филология ғылымдарының магистрі

тел.: +7 (7102) 764307
e-mail: zhansaya.nurtazinova@gmail.com
1 корпус, 2 этаж «Методический отдел».

Ғылыми-әдістемелік кабинеті оқытушылардың шығармашылық жұмысына, өз бетімен білім алуға және педагогикалық шеберлікті жетілдіруге, сонымен қатар колледжде жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесін талдау мен жинақтауға арналған.
Ғылыми-әдістемелік кабинеттің негізгі бағыттары:
– Ұйымдастыру-үйлестіруші педагогикалық қызмет (педагогикалық ұжыммен және әр педагогпен жеке жұмыс жасау, кеңес беру-оқыту);
– Оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету (педагогикалық технологияларды зерттеу және қолдану, педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру, педагогтардың ғылыми-зерттеушілік қызметі және т.с.с.)
– Диагностикалық-мотивациялау, ынталандырушылық қызмет (педагогтардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы қиындықтар деңгейін анықтау, әдістемелік қызмет пен жеке әдістемелік жұмыс тиімділігін талдау).
-Баспа қызметі; (педагогтардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы оқу- әдістемелік өнімдерін, жылдық жұмыс қорытындысын саралайтын журналды, әр оқытушының оқу-әдістемелік жұмыстарын баспадан шығаруға дейінгі үдерісті ұйымдастыру).

Колледждің ғылыми-әдістемелік кабинеті оқытушыларға ашық сабақтарды дайындауға, әдістемелік тақырыптар бойынша жұмысқа, баяндамалар мен мақала дайындауда, конференция, семинарлар мен байқауларға дайындалуға жүйелі түрде жеке кеңес беріп, көмек көрсетеді.