Басты бет

Оқу-өндірістік практика

Бүгін “Жезқазған бизнес және көлік колледжінің” оқу-өндірістік практика бөлімі жоспарға сай мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылына қабылданған студенттерді мекемелерге экскурсия жүргізуін бастады. Осы орайда “теміржол жылжымалы құралдарын пайдалану, жөндеу, техникалық қызмет көрсету” мамандығының 1 курс білім алушыларын әлеуметтік серіктесіміз ЖШС “Нұр жол-Әлем” компаниясына апарды. Студенттерді жолсерік және машинист мамандығынына қатысты практика жұмысында жасалатын бірқатар істермен және қажетті құрал-жабдық техникаларымен таныстырды.