Басты бет

“10 жылдыққа – 10 кітап оқимыз”

Құрметті колледж оқытушылары мен студенттері! “Жезқазған бизнес және көлік колледжінің” жұмыс жасап, мемлекет дамуына елеулі үлес қосып келе жатқандығына, биыл 10 жыл толып отыр. Соған орай “10 жылдыққа – 10 кітап оқимыз” акциясы жүреді! Әбіш Кекілбаев “Адамды адам ететін – кітап, адамзат ететін – кітапхана” дейді. Сол үшін, кітапханаға барайық, кітап оқиық. Қорытынды кешке дейін үлгерейік. Ескерте кетейік, кітапты электронды версиясынан оқуға да болады.