Басты бет

“1 мамыр- Қазақстан Халықтарының бірлігі күні”

Бүгін оқу орнымызда “1 мамыр- Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне” орай “ЖІГЕР” Жастар Қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен үлкен мерекелік іс-шара өтті. Баршаларыңызға мәлім, бірлігі жарасқан қазақ елінде 150-ге жуық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде! Дәл сол сияқты, біздің де колледжімізде түрлі-түрлі ұлт балалары білім алуда! Бірлік пен берекені нығайту мақсатында, сол өзге ұлыстарға құрметпен қарайтынымызды білдіріп, осынау қызықты іс-шараны ойдағыдай өткіздік деп сенеміз! Барлығы КЕЛЕШЕКТІҢ КЕРЕМЕТІ ҮШІН! Қазақстан Халықтарының бірлігі күні құтты болсын! Іс-шараға ат салысқан барлық 1-2 курс топ кураторлары мен студенттеріне алғыс білдіреміз!